Қоғам

Мектептерде хиджаб кию: ҚР білім министрлігі нормаларды тағы да айқындады

© AP Photo / Jacquelyn MartinХиджаб киген оқушы қыз
Хиджаб киген оқушы қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңға сәйкес, оқушылар діни киім атрибуттарын қоспай, мектеп формасын киюі тиіс.

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. Құзыретті мемлекеттік органдар өкілдері ертеректе қабылданған, бірақ әлі күнге дейін өзектілігін жоя қоймаған елдегі білім беру мекемелерінде діни киім кию туралы мәселені қайта қозғады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"БҒМ бес мыңнан аса өтініш келіп түсті, сол себепті бұл мәселені айқындауға шешім қабылдадық. Бүгін үш мемлекеттік орган бас қосып, нақты ұстанымды белгілеп, мәселенің анық-қанығына жетеміз. Жарғыға қарамастан, діни киім киіп келген балалардың ата-аналарымен бір қатар келіспеушіліктер болғанын білесіздер. Бүгін бейбіт қарым-қатынастар орнатамыз деген үміттеміз, өйткені ата-аналардың өзі ұстанымды нақты түсіндіріңіздер деп өтініш білдірді", — деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Білім және ғылым вице-министрінің айтуынша, республика мектептерінде мынандай жарғы қабылданған: қазіргі уақытта оқушы мектепке діни киіммен келсе ата-анасына ескерту жасалады.

"Егер үшінші, төртінші, бесінші рет қайталанатын болса, баланы мектепке кіргізіп, ата-анасын шақыртады. Тағы да қайталап айтамыз: бала мектепке кіргенде – діни киімді шешуі тиіс. Мектептен шыға салысымен қайта киіп алуына болады. Бұл жерде ешкімге моральдық зиян келтірмейміз деп ойлаймын", — деді Суханбердиева. 


Жаңалықтар
0