София Ротару Қазақстанда 110 мың долларға ән салудан бас тартты

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуПевица София Ротару выступает на международном музыкальном фестивале "ЖАРА" в Баку
Певица София Ротару выступает на международном музыкальном фестивале ЖАРА в Баку - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал әншінің өкілінің айтуынша, Ротару шақыруларды өте мұқият таңдайды

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. КСРО халық әртісі София Ротаруға 100 мың еуроға (шамамен 110 мың доллар немесе 43 миллион теңге) Қазақстанда жаңа жыл түнінде ән айту ұсынылды, бірақ ол бас тартыпты. Бұл туралы "Газета.Ru" басылымына әртістің концерт жөніндегі директоры Сергей Лавров айтты.

Әнші өкілінің мәліметінше, Ротару алдағы уақытта ауқымды гастрольдік турларға бармайды, қандай да бір жеке шараларда да өнер көрсетпейді.

София Ротару Жаңа жылда Қазақстанда ән шырқау ұсынысынан да бас тартқан екен.

"Оның осындай жастағы қай әріптесі гастрольдерге тұрақты түрде шығып жүр? Сондықтан София Михайловна әлемді аралап, өнер көрсеткісі келмейді», - деп түсіндірді Лавров.

Мысалы, халық әртісі 2021 жылы Германиядағы 14 концерттен тұратын турға да келіспепті.

Бұған қоса, Сергей Лавров жанкүйерлері сұрағандықтан Ротаруды ән орындауға үгіттеуге тура келетінін айтты. Ал әртіс жылдам ұшып баруға болатын жерде бір-екі ән салуға ғана келісетінін жеткізді.

София Михайловна Ротару 1947 жылы 7 тамызда Украинада туған. Қазір ол 72 жаста.

Жаңалықтар
0