Қайрат Нұртастың әжесі қайтыс болды

Жазылу
Қайрат Нұртас нағашы әжесімен қоштасып, инстаграмда пост жариялады

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың анасы қайтыс болды.

Продюсердің анасы 90 жастан асқан шағында өмірден озды. Бұл туралы Гүлзира Айдарбекованың өзі де, баласы Қайрат Нұртас та Instagram парақшасында пост жариялаған.

Қаралы хабарды ести сала танымал отбасы Түркістанға аттанып кетіпті.

"Анашым, мен сені жақсы көрем! Ішім күйп барады, сұм ажал менен сені алып кетті. Жаның жәнатта болсын, анашым! Маматайым менің! Алматы мен Түркістан қалай алыс еді, қанша жел ұшырғандай ұйтқытып бара жатсам да, жете алар еместеймін...", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

"Әжетайым, жаным сол! Мәңгілік жүрегімдесің! Жаныңыз жәннаттан болсын!", - деп жазған Қайрат Нұртас өзінің парақшасында.

Әншінің тыңдармандары отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.

Жаңалықтар
0