Өңірлер

Жаңаөзенде мұғалімдер наразылық акциясына шықты

© AFP 2024 / TOBIAS SCHWARZУченики на уроке поднимают руки, чтобы ответить учителю
Ученики на уроке поднимают руки, чтобы ответить учителю - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2022
Жазылу
Мұғалімдер екі мектептің жекеге өтуіне қарсы. Педагогтар Қазақстан президентіне, білім министрі мен облыс әкіміне үндеу жасап, бұған жол бермеуді талап етті
НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Жаңаөзен қаласындағы №2 және №6 мектептің қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орындарын жекенің қолына беруді тоқтатуды талап етіп, үндеу жариялады.
"Мектебіміз жекенің қолына өтсе, жалақыны өзгертіп, қызметкерлерді қысқартуды бастайды. Ата-аналарға да қиындық тудырады: бәрі ақылы болады. Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыс істейміз, сыныптарымызды өзіміз жаңарттық, жаңа жабдықтарды өзіміз сатып алдық. Біз мектептің жеке қолға өтуіне үзілді-кесілді қарсымыз", - дейді ұстаздар.
Осындай видеоүндеуді 30 қаңтарда №2 мектептің мұғалімдері де жазды.
Маңғыстау облысының білім басқармасы ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін мәлімдеді.
Мектептер жекешелендірілмейді, сенімгерлік басқаруға беріледі.
"Мектептер мемлекет меншігінде қалады", - деп хабарлады ведомство Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі арқылы сенімгерлік басқаруға беру кезінде жеке серіктеске қойылатын негізгі талаптар:
- мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру;
- күрделі және жеңіл жөндеуді қажет ететін ғимараттарды қысқа мерзімде жөндеу;
- білім саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазіргі талаптарға сәйкес келетін сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыру.
Жаңалықтар
0