Өңірлер

Ақтүтек боран соғып тұр: Жамбыл облысының полициясы үндеу жасады

© Photo : МЧС Республики КазахстанАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.01.2022
Жазылу
Қазақстанның оңтүстігінде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен
НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында боран соғып, желдің екпіні 30 м/с дейін жетті. Өңір полициясы жүргізушілерден жолға шықпауды сұрады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жамбыл облысы Сарысу ауданында полицейлер видео түсірген.
"Сарысу ауданында қатты боран соғып тұр, сол себепті қолайсыз ауа райында жолға шықпауды сұраймыз", - деп ескертті полиция.
Қазгидромет болжамынша, сенбі күні Жамбыл облысының оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарында көктайғақ, ал солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман болады.
Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метрге дейін, оңтүстік-батыста 30 метрге дейін күшейеді.
Бүгін және ертең Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында да қатты жел болжанып отыр.
Жаңалықтар
0