Өңірлер

Алматыда метро маңынан оқ-дәрілер табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинКриминалист Родинко работает на месте обнаружения гранаты
Криминалист Родинко работает на месте обнаружения гранаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
Оны полицияның Дозор есімді ізкесуші иті тапты
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оны полицияның Дозор есімді ізкесуші иті тапты.
"Түске таман инспектор-кинолог "Абай" бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі бірлік жарықшулы граната табылды. Оқ-дәріні Медеу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі. Олардың нақты тиесілігі тергеу барысында анықталады", – деді Метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.
Оқи отырыңыз: Елорда полицейлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсыруға шақырды – видео
 
Жаңалықтар
0