Өңірлер

Қыдырып келуге анасы рұқсат бермеген: Шардарада жоғалған қыздың қайда жүргені анықталды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка сидит спиной, архивное фото
Девочка сидит спиной, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2022
Жазылу
16 жастағы қыз хабар-ошарсыз кеткен. Ол Шымкент қаласында тұратын әпкесінің үйінен табылды
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз Шымкенттен табылды. Шардара ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.
Оның айтуынша, 16 жастағы қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған, деп хабарлады Otyrar.kz.
Полиция қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісіп, нәтижесінде тәулік ішінде оның жүрген жерін анықтады. Ол Шымкент қаласында тұратын әпкесінің үйінен табылды.
Қазіргі таңда жасөспірім ата-анасына аман-есен табысталды. Полицейлер мән-жайды тексеру барысында қыздың қыдырып келуіне ата-анасы рұқсат бермегенін анықтады. Сол себепті қалаға әпкесінің жанына кетіп қалған.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында батпақтан із-түзсіз жоғалғандардың денесі табылды
 
Жаңалықтар
0