Өңірлер

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғыш баласын дүниеге алып келді

© Photo : pixabay.comНожка младенца, иллюстративное фото
Ножка младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2022
Жазылу
Ол "Аңсаған сәби" бағдарламасының квотасы арқылы экстрокорпоралды ұрықтандыруға жүгінген
НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Атырауда 52 жастағы әйел тұңғыш баласын өмірге алып келді, деп хабарлады atpress.kz.
Оған Атырау облыстық перинаталдық орталығында жедел ота жасалды. Дүниеге ұл бала келді. Оның салмағы - 3 кг 70 грамм, бойы - 51 см.
Қазіргі күні сәби мен анасы үйлерінде, олардың жағдайы жақсы.
Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел ұзақ жылдан бері бала көтере алмай жүрген.
Ол "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында экстрокорпоралдық ұрықтандыруға жүгінген. 
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар "Аңсаған сәби" бағдарламасына қалай қатыса алады
 
Жаңалықтар
0