Өңірлер

Павлодар облысында жол апаты екі адамның өмірін қиды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, тексеріс басталды
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өңірлік полиция департаментінің ақпаратынша, трагедия 18 қаңтар сағат 12.14 шамасында болды.
"Омбы-Майқапшағай" тас жолының 505 шақырымында, Аққулы ауданы Шабар мен Әйтей ауылдары арасында "Фольксфаген" мен "Нива" соқтығысқан.
"Салдарынан "Фольксваген" көлігінің 51 жастағы жүргізушісі мен қасында отырған 56 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза болды. Екінші көлікті басқарған 31 жастағы жүргізуші мен оның 24 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды
Қос автокөлік те арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.
Тексеріс жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0