Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда барлық ауылға автобус қатынайды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтобус на дороге столицы
Автобус на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Қазір өңірдегі ауылдың 80%-і автобус қатынасымен қамтылған. Енді қалған 93 ауылға да қоғамдық көлік қатынауын қамтамасыз ету қарастырылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Солтүсік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов халық саны 100 адамнан асатын ауылдың барлығын автобус бағдарымен қамтамасыз етуді тапсырды, деп ххабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, тұрғындар саны 100 адамнан асатын ауылдардың 79%-і немесе 443 ауылдың 350-і автобус қатынасымен қамтылған.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов басқарманың алқа отырысында шамамен 70 мың адам тұратын қалғған 93 ауылды да бағдарлы автобустармен қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
"Біз облысық және қалалық жолаушылар тасымалына субсидия бөліп отырмыз. Осы жылы да тасымалдаушы шығынын бюджет есебінен өтеу мақсатында тиісті қаражат қарастырамыз. Кейбір ауданда халықты қоғамдық көлікпен қамту деңгейі төмен. Ауылда 100-ден астам адам тұратын болса, бағдарлы автобус болуы керек. Осы жылы да тиісті қаражатты іздестіріңіздер, ол шамаме 180 миллионтеңгені құрап отыр. Тұрғындарды автобуспен қамтамасыз етіңіздер. Осы мәселені тез және жедел шешуді тапсырамын", - деді Ақсақалов.
Басқарма мәліметі бойынша, облыста 129 бағдарлы автобус жүреді, оның ішінде бесеуі – облысаралық, 54 – облыс ішіндегі, 30 – аудан ішіндегі, 11 – қаланың сырт аудандарына қатынайтын атвобустар, 20 – қалалық, 9 –ауылдық бағдарлар.
2021 жылы әлеуметтік маңызы бар 54 бағдарға 745 миллион теңге субсидия бөлініп, 9 миллионнан астам жолаушы тасымалданды.
2022 жылы әлеуметтік маңызы бар автобус бағдарының санын 64-ке дейін ұлғайтып, оған 1 миллиард 150 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
0