Өңірлер

Екі павлодарлық жұртты ҰҚК қызметкеріміз деп алдап тонаған

© Photo : Рixabay/SkitterphotoЧеловек с оружием в руках, иллюстративное фото
Человек с оружием в руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Сотта екеуінің кінәсі толығымен дәлелденді. Куәгерлер бәрін растады. Сот сараптамасы және басқа да айғақтар болды
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласының №2 сотында екі алаяққа қатысты қылмыстық іс қаралады. Олар өздерін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ретінде таныстырып, көшеде жүрген адамдарды тонаған.
Тергеу материалдарына сәйкес, қаланың екі тұрғыны тапа-тал түсте қарақшылық шабуыл жасап жүрген. Бір күні екеуі бейтаныс бір ер адамды көріп, соны тонауға келіскен. Қарақшылардың біреуі алдынан шығып тапаншамен бірнеше рет оқ атқан. Одан кейін шықшыттан бір ұрып құлатып, бірден қолына кісен салған.
Екеуі оны көтеріп алып, көлікке отырғызған. Өздерін ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, ақшаны талап еткені белгілі болды. Ал бермесе, қалтасына есірткі салып, бап бойынша ұстап әкетеміз деп қорқытқан. Сол кезде банк картасын тауып алған. Олар иесін банкоматқа апарып, 320 мың теңгесін тартып алғаны хабарланды. Бірақ көп ұзамай, полицияның қолына түскен.
Сотта екеуінің кінәсі толығымен дәлелденді. Куәгерлер бәрін растады. Сот сараптамасы және басқа да айғақтар болды. Отырыс кезінде прокурор әрбіреуін 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбір көрген ер адам түрмеге отырғызбауды өтінді. Себебі алаяқтар материалдық шығынды өтеп берген.
Сотталушылар өз кінәсін ішінара мойындады және бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал қатаң жаза бойынша 12 жылға дейін түрмеге қамау қарастырылған.
Судья жазаны жеңілдететін жайттерді ескерді. Екеуі де жас, кінәсін ішінара мойындады. Материалдық шығынды өз еркімен өтеп берді. Бірақ жазаны ауырлататын жағдай да бар. Қылмыс қару қолдану арқылы жасалды.
Сот үкіміне сәйкес, екеуі 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Біреуі бұған дейін іті болған және жазасын толығымен өтемеген. Осыған байланысты оны 8 жылға түрмеге қамауға шешім шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0