https://sputnik.kz/20220117/almaty-totenshe-jagday-buzgandar-19160337.html
Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғандардың жазасы жеңілдетілді
Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғандардың жазасы жеңілдетілді
Sputnik Қазақстан
Қазірге дейін Алматыда төтенше жағдай режимін бұзуға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 71 материал қаралды 17.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-17T15:28+0500
2022-01-17T15:28+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
алматы
төтенше жағдай
жаза
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19130521_11:0:3634:2048_1920x0_80_0_0_9edaae25744142b1c60bcd1d95cc2206.jpg
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы қалалық соты төтенше жағдайды бұзғандарға қатысты қолданылатын жазаны жеңілдетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірге дейін Алматыда төтенше жағдай режимін бұзуға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 71 материал қаралды.Соған байланысты сот заңбұзушылардың барлығына жазаны тек ескерту түрінде қалдырды.Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында қалада төтенше жағдай жариялаған болатын. Сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19130521_193:0:3452:2048_1920x0_80_0_0_e67b03e628be156ebbf02ca11f916a6c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, төтенше жағдай, жаза
алматы, төтенше жағдай, жаза
Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғандардың жазасы жеңілдетілді
15:28 17.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазірге дейін Алматыда төтенше жағдай режимін бұзуға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 71 материал қаралды
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы қалалық соты төтенше жағдайды бұзғандарға қатысты қолданылатын жазаны жеңілдетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазірге дейін Алматыда төтенше жағдай режимін бұзуға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 71 материал қаралды.
"Бірінші сатыдағы сот тәртіпбұзушыларға айыппұл салды. Апелляциялық инстанция материалдарды қарап, аталған тұлғалардың барлығы өз кінәсін мойындағанын және бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, өкініш білдіргенін анықтады. Бұл олардың кінәсін жеңілдетті", - делінген қалалық сот таратқан ақпаратта.
Соған байланысты сот заңбұзушылардың барлығына жазаны тек ескерту түрінде қалдырды.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында қалада төтенше жағдай жариялаған болатын. Сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.