Өңірлер

Қаруды өз еркімен тапсырғандар жауапкершіліктен босатылады

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Жамбылской областиОружие
Оружие  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалған. Ол жерден 1 347 қару ұрланған
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматы полиция департаменті қару қабылдау науқанын бастады.
Алматы қаласының комендатурасының хабарлауынша, қаруды заңсыз сақтаған азаматтарға өзіне жақын жердегі полиция басқармасына ерікті түрде тапсыруға мүмкіндік берілген.
Сонымен қатар қылмыстық-процестік кодекстің 287-бабына сәйкес, қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
"Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, "102" нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Анонимді болатынына кепілдік беріледі", - делінген ақпаратта.
Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен бермеген азаматтар анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сұрақтар бойынша хабарласуға болатын нөмірлер: 8-747-333-91-60; 8-777-346-44-77.
Айта кетері, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалған. Ол жерден 1 347 қару ұрланған.
Жаңалықтар
0