Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматыда барлық маңызды стратегиялық нысан қорғалып тұр – Таймерденов

© Sputnik / Эдуард ГалеевПулевые отверстия в окнах после погромов в Алматы
Пулевые отверстия в окнах после погромов в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Бүлікшілер 1 600-ден астам сауда нысанын тонап, үш жұз елу алты көлікке зақым келтірген. 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалған
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыда терроризмге қарсы операция барысында 2 300 адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығы Қанат Таймерденов Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алматы шекарасының негізгі бағыттары бойынша 5 блокбекет жұмыс істеп тұр. Оған 390 адам жұмылдырылған. Қаланың барлық маңызды стратегиялық нысаны Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлерінің қорғауында тұр. Терроризмге қарсы операция басталғалы ішкі істер органдарына 2 300 адам жеткізілді. Ішінде 236 қарақшы және жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар болды, олар қамауға алдынды. 84 адам коменданттық сағатты бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды", - деді Таймерденов.
Айтуынша, 7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалған. Ол жерден 1 347 қару ұрланған.
"Осыған байланысты арнайы тергеу тобын құрып, қабылданған шаралар нәтижесінде 127 қару тәркіленді. Оның 58-і аңшылық дүкеннен ұрланғаны анықталды. Сондай-ақ 4 000-ға жуық оқ-дәрі тәркіленді", - деді Қанат Таймерденов.
Бүлікшілер 1 600-ден астам сауда нысанын тонап, 356 көлікке зақым келтірген.
"Қалада күш құрылымдарының 1 097 қызметкері зардап шекті. Медициналық мекемеде 5 адам жатыр, ішінде екеуі ауыр хәлде. 9 қызметкер қаза тапты", - деді полиция бастығы.
Айтуынша, қала бойынша полицияның 5 фронт кеңсесі, 19 модульдік бекет жанып кетті. Полиция департаменті мен Алмалы ауданы полиция басқармасының ғимараты зардап шекті.
"Қала бойынша 15 экологиялық полиция бекеті болған, соның 13-і жанып кетті. 165 көлік зақымданды. Оның ішінде 64 көлік қалпына келтіруге жарамайды. Қала бойынша 283 бейнебақылау камерасы істен шыққан, қазір 49-ы қалпына келтірілді", - деді полиция департаментінің бастығы.
Жаңалықтар
0