Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматыда ұсталған адамдардың саны 2,5 мыңға жуықтады

© Sputnik / Vasily Krestyaninov / Медиабанкке өтуПолицейские задерживают мужчину на улице Байтурсынова в Алма-Ате
Полицейские задерживают мужчину на улице Байтурсынова в Алма-Ате - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2022
Жазылу
Ұсталғандар заңсыз акцияларға, тонауға және басқа да қылмыстарға қатысты деген күдікке ілінді
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы 2,5 мыңға жуық адам ұсталды.
Қала комендатурасының хабарлауынша, лаңкестік, тонау және басқа да қылмысқа қатысы бар 2 402 адам ұсталып, 79 атыс қаруы мен 3 976 оқ-дәрі тәркіленді.
14 қаңтарда "102" пультіне 586 хабарлама келіп түскен. Комендатураның Call орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 93 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді.

Қазақстандағы бүлік

2022 жылдың басында елдің батысында жаппай наразылық басталды. Оған автокөлікке құятын газдың 120 теңгеге дейін қымбаттауы себеп болған. Жаңаөзен мен Ақтау қаласының тұрғындары бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.
Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы шабуылдаушылардың қолында болған. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетуге кірісті.
Кейінірек Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізілгенін мәлімдеді. Шабуылдаушылар халықтың автогаз бағасына деген наразылығын желеу еткен.
Ел билігі бүкіл республикада 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жариялап, терроризмге қарсы операция бастады.
13 қаңтардан бастап ҰҚШҰ күштері елден шығарыла бастады. Терроризмге қарсы операция Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жалғасып жатыр.
Айта кетері, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде 185 қызметкер зардап шекті, олардың екеуі ауыр жағдайда жатыр. Үш қызметкер қаза тапты: екеуі Алмалы ауданы ПБ ғимаратына шабуыл жасалған кезде және бір адам Көктөбеден жоғары орналасқан стратегиялық нысанды қорғаған кезде қаза тапты.
Жаңалықтар
0