Өңірлер

Жамбыл облысында қару-жарақ жаппай тәркіленіп жатыр

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Жамбылской областиОружие
Оружие  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
БІр тәуліктің ішінде 40 дана қару-жарақ пен оқ-дәрі, соның ішінде Калашников автоматы мен гранатомет тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар — Sputnik. Жамбыл облысының тұрғындары үш автомат пен гранатомет табылғаны туралы полицияға хабарлады.
Өңірлік полиция ақпаратЫ бойынша, азаматтар Тараз бен облыс аудандарынан қоңырау шалған. Бір тәулік ішінде полиция 40 дана қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілеген.
© Photo : Департамент полиции Жамбылской областиЖамбыл облысының полицейлері түрлі қару-жарақ тәркіледі.
Изъятый полицией Жамбылской области арсенал оружия - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Жамбыл облысының полицейлері түрлі қару-жарақ тәркіледі.
Мысалы, 13 қаңтарда жергілікті тұрғындар полицияға қару-жарақ тауып алғаны туралы хабарлаған.
"Аталған жерге жеткен полиция қызметкерлері үш Калашников автоматы мен гранатомет тапты. Барлық тәркіленген қару сараптамаға жолданды", - деп хабарлады департаментте.
Тәртіп сақшылары қару-жарақ пен оқ-дәрі туралы хабарлаған, сондай-ақ оларды полицияға өз еркімен тапсырған адамдар жауапкершілікке тартылмайтынын ескертті.
Полиция мұндай азаматтардың жеке тұлғасы құпия сақталатынына уәде берді.
Оқи отырыңыз: 
 
Жаңалықтар
0