https://sputnik.kz/20220114/Aktobe-oblysy-akim-khalyk-19141863.html
Ақтөбе облысының әкімі халықтың алдына неге шықпады – орынбасары түсіндірді
Ақтөбе облысының әкімі халықтың алдына неге шықпады – орынбасары түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Оның ойынша, наразылық акциялары кезінде басқа әкімдер алаңға шықса да, біреуі де халықты тоқтата алмады 14.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-14T10:22+0500
2022-01-14T10:22+0500
2022-05-23T15:44+0500
ақтөбе облысы
әкім
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19089802_0:89:2798:1663_1920x0_80_0_0_1f3366398ac03ce2f8c711c08baaf66c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин жеке қауіпсіздігін ойлап, халықтың алдына шықпады. Бұл туралы әкімнің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров айтты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.Журналистерге сұхбат берген Хамбаров митингке шыққан адамдардың біреуді көруге де, тыңдауға да ниеті болмағанын және біржақты талаптар қойғанын жеткізді. Осы орайда әкім орынбасары Алматы облысындағы әріптесін еске салды. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ляззат Тұрлашов соққыға жығылды. Қазіргі кезде ол ауруханада ем-дом алып жатыр. Оның ойынша, наразылық акциялары кезінде басқа әкімдер алаңға шықса да, біреуі де халықты тоқтата алмады. "Қазір облыс әкімі қашып кетті немесе орынбасарлары қорқып шықпай қалды деген әңгіме шығып жатыр. Бірақ бір нәрсені ескеру керек. Біріншіден, ол жерде адамды ешкім тыңдаған жоқ. Екіншіден, жеке қауіпсіздік деген мәселе бар. Мейлі, шықты дейік, бірақ артынан соққыға жығады ғой. Сондықтан бұл дұрыс шешім емес", - деп атап көрсетті әкімнің бірінші орынбасары. Естеріңізге сала кетейік, жаңа жылдың алғашқы күндері Қазақстанның батысында газдың бағасы күрт көтеріліп кеткеннен кейін нарызылық акциялары басталды, халық көшеге шықты. Осыдан кейін үкімет отставкаға кетті. Алматыда және басқа облыстарда жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Үкіметтің шешімімен Маңғыстау, Ақтөбе мен Атырау облыстарында газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендеді.Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында митингке шыққан жұмысшылардың жалақысы көтерілді
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/07/19089802_231:0:2567:1752_1920x0_80_0_0_31b435551c679e79ab0a22edd21bacb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, әкім
Ақтөбе облысының әкімі халықтың алдына неге шықпады – орынбасары түсіндірді
10:22 14.01.2022 (жаңартылды: 15:44 23.05.2022) Оның ойынша, наразылық акциялары кезінде басқа әкімдер алаңға шықса да, біреуі де халықты тоқтата алмады
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалин жеке қауіпсіздігін ойлап, халықтың алдына шықпады. Бұл туралы әкімнің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров айтты, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Журналистерге сұхбат берген Хамбаров митингке шыққан адамдардың біреуді көруге де, тыңдауға да ниеті болмағанын және біржақты талаптар қойғанын жеткізді. Осы орайда әкім орынбасары Алматы облысындағы әріптесін еске салды. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Ляззат Тұрлашов соққыға жығылды. Қазіргі кезде ол ауруханада ем-дом алып жатыр.
"Менің әріптесім әкімнің орынбасары ретінде митингке шыққандармен кездескен. Ақыры не болды? Оны ұрып кетті. Енді, ауруханада жатыр. Сол жерде біреудің сөзіне құлақ асқан адам болмады", - дейді Хамбаров.
Оның ойынша, наразылық акциялары кезінде басқа әкімдер алаңға шықса да, біреуі де халықты тоқтата алмады.
"Қазір облыс әкімі қашып кетті немесе орынбасарлары қорқып шықпай қалды деген әңгіме шығып жатыр. Бірақ бір нәрсені ескеру керек. Біріншіден, ол жерде адамды ешкім тыңдаған жоқ. Екіншіден, жеке қауіпсіздік деген мәселе бар. Мейлі, шықты дейік, бірақ артынан соққыға жығады ғой. Сондықтан бұл дұрыс шешім емес", - деп атап көрсетті әкімнің бірінші орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа жылдың алғашқы күндері Қазақстанның батысында газдың бағасы күрт көтеріліп кеткеннен кейін нарызылық акциялары басталды, халық көшеге шықты. Осыдан кейін үкімет отставкаға кетті. Алматыда және басқа облыстарда жаппай тәртіпсіздіктер басталды.
Үкіметтің шешімімен Маңғыстау, Ақтөбе мен Атырау облыстарында газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендеді.