19:24 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
64 0 0

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ,  жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар — Sputnik. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар жауып, еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қостанайда боранда жасөспірім жоғалып кетті

Атырау облысының батысында, оңтүстігіде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, күндіз орталығында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, күндіз батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Боранда жолға шыққан жүргізушілерге айыппұл салына ма – министр жауап берді

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының шығысында, түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде  тұман түседі.

Кілт сөздер:
көктайғақ, синоптиктер, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып