https://sputnik.kz/20220113/Shymkent-sauda-yi-video-19138726.html
Шымкентте сауда үйін тонау сәті видеоға түсіп қалды
Шымкентте сауда үйін тонау сәті видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
Іздестіру шаралары барысында жалдамалы пәтерде ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T17:34+0500
2022-01-13T17:34+0500
2022-05-23T15:44+0500
шымкент
сауда орталығы
тонаушылар
видео
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_0:160:3075:1890_1920x0_80_0_0_45e169df0dc2db6971df2ff8d6950af1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Шымкенттің полиция депаратменті қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде ірі сауда үйі қалай тоналғанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 5 қаңтарда түнгі уақытта Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздік кезінде адамдар "Метро" сауда орталығының есік-терезесін сындырып, ішінен азық-түлік тауарларын ұрлаған. Тәртіп бұзушылардың әрекеті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына жазылып қалды.Шұғыл іздестіру шаралары барысында Нұрсат-3 шағын ауданында орналасқан жалдамалы пәтерде ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олар - 2001 және 2002 жылдары туған Түркістан облысының тұрғындары. Пәтерде "Метро" сауда орталығынан ұрланған тауарлар табылды.Күдіктілердің төртеуі де қамауға алынды.Сауда үйін тонаған тағы бір ер адам ұсталды. Ол ұрланған заттарды өзі жұмыс істейтін көлік жуу орнының демалыс бөлмесіне тығып қойған. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. "Қазіргі кезде "Метро" сауда орталығынан ұрланған басқа да заттарды анықтауға бағытталған шұғыл іс-шаралар жалғасып жатыр", - дейді полиция басшысы Ералы Жұмаханбетов.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/81/3798100_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_c3efff6f4e777575dd972e23bb5364fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, сауда орталығы, тонаушылар
шымкент, сауда орталығы, тонаушылар
Шымкентте сауда үйін тонау сәті видеоға түсіп қалды
17:34 13.01.2022 (жаңартылды: 15:44 23.05.2022) Іздестіру шаралары барысында жалдамалы пәтерде ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Шымкенттің полиция депаратменті қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде ірі сауда үйі қалай тоналғанын көрсетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
5 қаңтарда түнгі уақытта Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздік кезінде адамдар "Метро" сауда орталығының есік-терезесін сындырып, ішінен азық-түлік тауарларын ұрлаған. Тәртіп бұзушылардың әрекеті жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына жазылып қалды.
Шұғыл іздестіру шаралары барысында Нұрсат-3 шағын ауданында орналасқан жалдамалы пәтерде ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды. Олар - 2001 және 2002 жылдары туған Түркістан облысының тұрғындары. Пәтерде "Метро" сауда орталығынан ұрланған тауарлар табылды.
Күдіктілердің төртеуі де қамауға алынды.
Сауда үйін тонаған тағы бір ер адам ұсталды. Ол ұрланған заттарды өзі жұмыс істейтін көлік жуу орнының демалыс бөлмесіне тығып қойған. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Қазіргі кезде "Метро" сауда орталығынан ұрланған басқа да заттарды анықтауға бағытталған шұғыл іс-шаралар жалғасып жатыр", - дейді полиция басшысы Ералы Жұмаханбетов.