Өңірлер

Ақтөбе облысының әкімдігі тонау салдарынан қанша шығын келгенін хабарлады

© Photo : пресс-служба премьер-министра Республики КазахстанАкимат Актюбинской области
Акимат Актюбинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Әкімдіктегі мамандар ғимаратты қалпына келтіруге шамамен 2-3 апта қажет болатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратына 4 қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қатты зақым келді. Алдын ала бағалау бойынша келтірілген шығын көлемі 300 миллион теңгені құрады. Бұл туралы тікелей эфир кезінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров мәлімдеді.
"Ақтөбе облысында бір ғана ғимаратқа зақым келді. Бұл – облыстық әкімдік ғимараты. Тонаушылар әкімдікке басып кіріп, бір тәулік бойы тонап-талаумен айналысты. Біз алдын ала болжам бойынша шығын көлемін 300 миллион теңгеге бағалап отырмыз", - деді Хамбаров.
Оның айтуынша, ноутбук, компьютер, фотоаппарат сынды кеңсе техникалары тоналған. Сондай-ақ есіктің барлығы сынған. Қазір бірнеше бағалау компаниясы жұмыс істеп жатыр. Алдағы аптада нақты шығын көлемі белгілі болады.
Сонымен қатар Хамбаров 3 қаңтарда барлық қызметкер жұмыс орнында болғанын мәлімдеді. Елдегі жағдайға байланысты 4 қаңтарда қызметкерлерді үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданған.
"Ғимарат ішінде тек өңір басшысы, кейбір басқарма басшыларының орынбасарлары болды. Қалған адамдар ғимараттан шығарылды. 4 қаңтарда бүлікшілер ғимаратты басып алып, тонады. Олар мұнда басып кіргенмен, ешқандай талап қойған жоқ. Олар тек тонап-талаумен айналысты. Ғимаратты басып алғаннан кейін әкім қауіпсіз жерге жеткізілді", - деді ол.
Хамбаровтың айтуынша, ғимаратты қалпына келтіруге шамаман 2-3 апта қажет болады. Қазір көптеген қызметкер, қала аралаумен айналысып жүрген өңір басшысы да әкімдік ғимаратында жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз: Арасында қыздар бар: Алматыда дүкен тонаған 5 адам ұсталды 
Жаңалықтар
0