https://sputnik.kz/20220112/350-adam-shabuyl-zhasagan-19132038.html
ҰҚК-ның Жамбыл облысындағы департаментіне 350 адам шабуыл жасаған
ҰҚК-ның Жамбыл облысындағы департаментіне 350 адам шабуыл жасаған
Sputnik Қазақстан
Атыс кезінде ауыр жараланған терроризмге қарсы орталықтың бөлім бастығы қаза тапты 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T20:29+0500
2022-01-12T20:29+0500
2022-02-01T13:05+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19131066_0:27:1018:603_1920x0_80_0_0_025f6e6e8811d5ca9eb4669bd333d064.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысындағы департаментіне жасалған шабуылға қатысты ресми ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.6 қаңтарға қараған түні 350-ге жуық адам атыс қаруы мен "Молотов коктейлдерін" қолдана отырып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментін басып алуға тырысқан.Сол түні жеке құрамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Режимдік нысанда қару-жарақ қоймасы болған. Сол себепті ғимаратты қорғау кезінде шабуыл жасағандарға қарсы оқ атуға шешім қабылданды.Қазіргі таңда қарулы шабуыл бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімінің 2-ші және 15-ші тармақшалары ("Адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруына не кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамды немесе оның жақындарын өлтіру"), 255-баптың 3-бөлімі, 2-тармағы ("Терроризм актісі") және 287-баптың 3-бөлімі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру").Жамбыл облысында құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобы Қылмыстық кодекстің 269-бабы, 2-бөлімінің 1-ші және 6-шы тармақшалары ("Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен шабуыл жасау немесе оларды басып алу") бойынша 30 адамға қатысты тергеу шараларын бастап кетті.Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар адамдарды қылмыстық қудалау жұмыстары жалғасып жатыр.Оқи отырыңыз: Содырлар Қазақстан астанасына да шабуыл жасамақ болды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19131066_0:0:1018:640_1920x0_80_0_0_f61e6ac841b242a86d16ec0413786548.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция
терроризмге қарсы арнайы операция
ҰҚК-ның Жамбыл облысындағы департаментіне 350 адам шабуыл жасаған
20:29 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Атыс кезінде ауыр жараланған терроризмге қарсы орталықтың бөлім бастығы қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысындағы департаментіне жасалған шабуылға қатысты ресми ақпарат жарияланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 6 қаңтарға қараған түні 350-ге жуық адам атыс қаруы мен "Молотов коктейлдерін" қолдана отырып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментін басып алуға тырысқан.
Сол түні жеке құрамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Режимдік нысанда қару-жарақ қоймасы болған. Сол себепті ғимаратты қорғау кезінде шабуыл жасағандарға қарсы оқ атуға шешім қабылданды.
"ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы мақсаттағы тобымен бірлесе отырып, үш бірдей қарулы шабуылға тойтарыс берілді. Атыс кезінде жараланған терроризмге қарсы орталықтың бөлім бастығы подполковник Дархан Әділбай қаза тапты", - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Қазіргі таңда қарулы шабуыл бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімінің 2-ші және 15-ші тармақшалары ("Адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруына не кәсiптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамды немесе оның жақындарын өлтіру"), 255-баптың 3-бөлімі, 2-тармағы ("Терроризм актісі") және 287-баптың 3-бөлімі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру").
Жамбыл облысында құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобы Қылмыстық кодекстің 269-бабы, 2-бөлімінің 1-ші және 6-шы тармақшалары ("Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен шабуыл жасау немесе оларды басып алу") бойынша 30 адамға қатысты тергеу шараларын бастап кетті.
Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар адамдарды қылмыстық қудалау жұмыстары жалғасып жатыр.