Өңірлер

Алматы мен Атырау облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа өтті

© Sputnik / Семён Антонов / Медиабанкке өтуИзмерение сатурации
Измерение сатурации - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артты. Өткен тәулікте 4810 адамнан коронавирус ПТР арқылы анықталды
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2022 жылдың 12 қаңтарындағы өңірдегі жағдайды жариялады.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы қаласы мен Атырау облысы коронавирустың тарауы бойынша "қызыл" аймаққа өтті.
Осылайша қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы бар.
Ал "сары" аймақта Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстары тұр.
"Жасыл" аймақта Ақмола, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары бар.
Айта кетері, Қазақстанда соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны артты. Өткен тәулікте 4810 адамнан коронавирус ПТР арқылы анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 3 312, Алматыда – 210, Шымкентте – 221, Атырау облысында – 139, Қызылорда облысында – 125, Маңғыстау облысында 156 адамнан инфекция табылды.
Бүгін үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "омикрон" штамының табылуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады. Оның айтуынша, оптимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 100% қамтылғанда және профилактика шараларын жаппай сақтағанда, тәулігіне 17 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін. Реалистік сценарийге сәйкес, ревакцинациямен 70%-ке дейін қамтылғанда, профилактика шараларын ішінара сақтағанда, тәулігіне 25,5 мың жағдайға дейін тіркеледі.
Ал пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен 40% қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамаса, тәулігіне 40 мың адам індетке шалдығады деген болжам бар.
"Омикрон" Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында табылған болатын.
Жаңалықтар
0