Өңірлер

Нұр-Сұлтанда "омикрон" штамы анықталды

© AFP 2024 / NATALIA KOLESNIKOVAМедик проводит экспресс-тест на коронавирус
Медик проводит экспресс-тест на коронавирус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2022
Жазылу
"Омикрон" штамы 16 желтоқсанда шетелден келген азаматтан табылды
НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "омикрон" штамын жұқтыру фактісі тіркелді. Бұл туралы қаланың санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
Оның сөзінше, "омикрон" штамы 16 желтоқсанда шетелден келген азаматтан анықталды. Ол ПТР сынамасының теріс нәтижесімен келген. Алайда 22 желтоқсанда тамағы ауырып, медициналық көмекке жүгінген.
Санитарлық дәрігердің мәліметінше, қазір елордада дельта штамы басым- 47%, сонымен қатар дельта плюс штамы да бар – 14%.
Елордада "омикрон" штамының пайда болуымен эпидемиологиялық жағдай күрт төмендеді.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0