Өңірлер

Полиция Алматыдағы тұрғын үйлерді тонау туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Алматыда тәртіпсіздіктерге байланысты терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы полиция департаменті қала тұрғындарының пәтері мен үйі тоналып жатқаны және "102" қызметі сигналдарға жауап бермейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
"Қаланың полиция департаменті басқармасының жедел басқару орталығы штаттық режимде жұмыс істейді, "102" пультіне келіп түскен әрбір хабарлама уақытылы өңделеді", - деп хабарлады полиция.
Полиция департаменті азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге және таратпауға, тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты басшылыққа алуға шақырды.
Сондай-ақ қала әкімдігі электр және сумен қамтамасыз етуде қиындық туындайтыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Алматы қаласының суық сумен жабдықтау және су бұру нысандарының барлығы штаттық режимде жұмыс істейді", - делінген ақпаратта.
Суық сумен қамтамасыз ету және электр энергиясы үздіксіз қамтамасыз етіледі, су мен электр беруді өшіру жоспарланбаған.
Жаңалықтар
0