Өңірлер

Алматыда тәртіп орнату мақсатында терроризмге қарсы арнайы операция басталды

© Sputnik/ Ольга ТонконогРазбитые полицейские машины и костры посреди улицы: ситуация в Алматы
Разбитые полицейские машины и костры посреди улицы: ситуация в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2022
Жазылу
Алматы қаласының комендатурасы экстремистер қала мен қала тұрғындарының өміріне қауіп төндіретін әрекетке барып жатқанын хабарлады
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Алматыда қалада тәртіп орнату мақсатында терроризмге қарсы арнайы операция басталды, деп мәлімдеді Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
"Комендатураның ақпараттық штабы жұмыс істеп тұр. Қаланы террористерден босату бойынша толыққанды операция басталды", - деді Бабақұмаров.
Алматы комендатурасының хабарлауынша, тәртіпсіздікті жақтаушылар қалаға үлкен шығын келтірді. Құқық қорғау органдарының тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңды әрекеттеріне қарсылық көрсетті.
"Экстремистер бизнеске зиян келтіріп, тонаушылық әрекеттер жасап жатыр. Сонымен қатар олар бейбіт тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіріп, емханалар мен ауруханаларға зиян келтіріп жатыр. Қалада тәртіп орнату мақсатында лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды. Біздің әл-ауқатымыз бен болашағымызға қауіп төндіретін лаңкестік пен бандитизм әрекеттерін бірге тоқтата аламыз", - делінген хабарламада.
Алматы қаласының комендатурасы тұрғындарды тыныштық сақтап, құқық қорғау органдарына конституциялық тәртіпті орнатуға және қоғамдық қауіпсіздікті орнатуға жәрдем көрсетуге шақырды.
Жаңалықтар
0