Өңірлер

Түндегі қақтығыстан кейінгі Алматы көрінісі – фото

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVМитингующие в Алматы нападают на полицейский автомобиль
Митингующие в Алматы нападают на полицейский автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Алматы орталығында, соның ішінде, өткен түні митингке шыққандар полициямен қақтығысқан Республика алаңында қазір тыныш
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik, Александр Мироглов. Төтенше жағдай енгізілгеннен кейінгі күн мегаполис тұрғындары үйреніп қалған таңнан айтарлықтай өзгеше: қалада қоғамдық көлік жүріп жатқан жоқ, көшеде адам қарасы да аз. Ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен дүкендер жабық тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Алматы әкімдігінің ғимараты жанында, соның ішінде, өткен түні митингіге шыққандар полициямен қақтығысқан Республика алаңында қазір тыныш. Периметр броньдалған әскери машиналармен қоршалып тұр. Сонымен қатар ондаған полиция машинасы да күзетте.
Алаңда екі бағыт бойынша қозғалыс тоқтатылған. Екі жүзге жуық әскери қызметші нақты бұйрық күтіп, әскери техника жанында қаумалап тұр.
© Sputnik/Александр МирогловПериметр броньдалған әскери машиналармен қоршалып тұр
Военная техника перекрыла улицу в Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Периметр броньдалған әскери машиналармен қоршалып тұр
Республика алаңы секілді Алматы орталығындағы басқа көшелерде де жаяу жүргінші еркін жүріп-тұрғанымен, саны өте аз.
Қала тұрғындары жұмыстан босатылды немесе қашықтан жұмыс істеп отыр: себебі жұмыс орнына жететін көлік жоқ. Қоғамдық көлік жолға шықпады, мобильді интернет толығымен сөндірілген, такси шақыру мүмкіндігі де жоқ. Әлеуметтік желі мен мессенджерлер де оқта-текте жұмыс істеп тұр.
Сағат тоғызға қарай төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі эвакуатор көмегімен өртенген және сынған полиция машиналары қала көшелерінен алынды.
© Sputnik/Александр МирогловЭвакуатор көмегімен өртенген және сынған полиция көліктері қала көшелерінен алынды
Эвакуатор вывозит разбитых во время массовых протестов полицейский автомобиль  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Эвакуатор көмегімен өртенген және сынған полиция көліктері қала көшелерінен алынды
Коммуналдық қызмет ретке келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр: түнде митингіге шыққандар полициямен қақтығысқан кезінде қолданған тастарды жинап жатыр. Аула сыпырушылар әйнегі шағылған аялдамалардың айналасып тазалауда.
Республика алаңына жақын маңдағы дүкен, кеңсе және дәмхана терезелеріне зақым келмеген. Мұнда жаппай қырғын мен талап-тонау болған жоқ. Бірақ дүкендер, супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмыс істейді.
Орталықтағы ахуалды жол-патрульдік полиция жасағы бақылап тұр.

Алматыдағы митинг

Алматыда автомобильге арналған газ бағасын қымбаттатуға қарсы наразылық акциясы митингке шыққандардың полициямен қақтығыса ұласып кетті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарға дейін қалада төтенше жағдай режимі енгізілетінін хабарлады. Алматыда сағат 23:00-07:00 аралығында комендант сағаты іске қосылады.
Жаңалықтар
0