Өңірлер

Маңғыстаудағы төтенше жағдай кезінде қандай шектеулер енгізіледі

© Sputnik / Камшат АбдирайымПлощадь Ынтымак в Актау
Площадь Ынтымак в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі екі аптаға созылады. Осы уақыт аралығында өңірде қоғамдық тәртіп күзеті күшейтіліп, жүріс-тұрыс шектеледі
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында төтенше жағдай кезінде ерекше режим күшіне енеді.
Маңғыстау облысында 2022 жылдың 5 қаңтарындағы 01 сағат 30 минуттан 2022 жылдың 19 қаңтарындағы 00 сағат 00 минутқа дейін төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлады Ақорда.
Осы уақыт аралығында өңірде келесі шектеулер енгізіледі:
  • сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін комендант сағаты енгізіледі;
  • Маңғыстау облысының комендатурасы құрылып, оған "Төтенше жағдай туралы" заңда көзделген өкілеттіктер беріледі;
  • Маңғыстау облысының коменданты болып өңірдегі полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев тағайындалды.
Төтенше жағдай кезінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілді:
  • қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуін күшейту;
  •  Маңғыстау облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгілеу;
  • жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз ету;
  • Маңғыстау облысына кіруді, сондай-ақ одан шығуды шектеу;
  • бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;
  • ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салу;
  • қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салу, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгілеу;
  • жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою.
"Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Маңғыстау облысының комендатурасы, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін", - деп жазылған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Сонымен қатар Қазақстанның бас прокуроры осы жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Қазақстан үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен қажетті қаражат бөледі. Жарлық қол қойылған күннен, яғни 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: Президент Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жариялады 
Жаңалықтар
0