Өңірлер

Полиция Талғарға баратын жолды жауып тастады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАлматы облысындағы таулар, архивтегі сурет
Алматы облысындағы таулар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2022
Жазылу
Жолдың жабылу себебі туралы ресми ақпарат жоқ, әлеуметтік желіде жоғары лауазымды қонақтың келетіні айтылды
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында полиция Талғар тас жолын жауып, қоршауға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полицейлердің жолды жауып, қоршаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан Талғар қаласына өте алмай тұрған көптеген автокөлік байқалады. Наразы жүргізушілер кептелістің себебін білуге тырысып, тәртіп сақшыларына жүгінуде.
Sputnik Қазақстан полициядан, Алматы облысы әкімдігі мен Талғар аудандық әкімдігінен жағдайды түсіндіруді сұрады. Алайда барлығы түсініктеме беруден бас тартты.
Дегенмен әлеуметтік желіде Алматы – Талғар автожолы Ақбұлақ тау-шаңғы базасына келген жоғары лауазымды қонаққа байланысты жабылғаны жазылды.
Тас жолдың қашан ашылатыны әзірге белгісіз.
Жаңалықтар
0