Өңірлер

Қазақстанның шығысында полиция есін жоғалтқан әйелді құтқарды

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2021
Жазылу
Есін жоғалтқан әйел екі апта бойы қала көшелерін кезіп жүрген. Үсіп қалмау үшін жылу құбырына жылынған
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Алтай қаласының полицейлері көшеде тоңып жүрген әйелді құтқарды. Ол жылу құбырына жылынған. Әйел өзінің кім екенін, қайда тұратынын есіне түсіре алмаған.
Анықталғандай, 14 желтоқсанда оның күйеуі полицияға жұбайының жоғалып кеткені туралы арызданған. Тәртіп сақшылары әйелдің есін жоғалтқанын білді.
Криминалды полиция бірден іздеу жұмыстарына кірісті, туыстары мен таныстарынан сұрастырды. Алайда ешқайсысы әйелдің қайда екенін білмеген.
Жедел іздестіру шаралары кезінде полицейлер бос тұрған ғимараттарды, жертөлелер мен қаңырап тұрған үйлерді де тексерді.
Оқи отырыңыз: "Қайда болғанын білмейді": Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт табылды
Жоғалған әйел тек 28 желтоқсан күні табылды. Ол қаладағы көшелердің бірінде жылу құбырының маңында отырған.
43 жастағы әйелдің айтуынша, ол өзінің, туыстары мен таныстарының мекенжайын есіне түсіре алмаған. Сол себепті көшедегі жылу құбырының маңын паналаған. Полицейлер әйелді дереу дәрігерлерге тапсырды.
Жаңалықтар
0