https://sputnik.kz/20211221/almaty-oblysy-akimdik-18942592.html
Алматы облысында әкімдік атын жамылып ұрлық жасағандар ұсталды
Алматы облысында әкімдік атын жамылып ұрлық жасағандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қарастырылып отырған бап бойынша 3 жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T12:25+0500
2021-12-21T12:25+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
алматы облысы
әкімдік
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_c81bcb507faf54ebcf3b2443aaba331c.jpg.webp
АЛМАТЫ, 21 желтоқстан – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданында әкімдіктің атын жамылып, қиыршық тас ұрлаған 10 адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Талғар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, күдіктілер Цыганка өзенінің арнасына 6 КАМАЗ, 2 экскаватормен келген. Жергілікті тұрғындардың сауалына "әкімдіктен рұқсатымыз бар" деп жауап берген.Алайда олардың әрекеті күдікті болғандықтан, жергілікті тұрғындар бірден полицияға хабар берді.Күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 334-бабы 1-бөлігі ("жер қойнауын өз бетінше пайдалану") бойынша қылмыстық іс қозғалды.Бұл бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айырылады немесе 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қолданылуы мүмкін.Айта кетері, қиыршық тасты ұрлау әрекетінің соңы суармалы судың ағымына кедергі жасайды. Салдарынан шаруаларға су дер кезінде жетпей қалады.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_fc3843d1f7a8b5b1ca3758fe372a6a45.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, әкімдік, ұрлық
алматы облысы, әкімдік, ұрлық
Алматы облысында әкімдік атын жамылып ұрлық жасағандар ұсталды
12:25 21.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қарастырылып отырған бап бойынша 3 жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін
АЛМАТЫ, 21 желтоқстан – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданында әкімдіктің атын жамылып, қиыршық тас ұрлаған 10 адам ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Талғар ауданы әкімдігінің хабарлауынша, күдіктілер Цыганка өзенінің арнасына 6 КАМАЗ, 2 экскаватормен келген. Жергілікті тұрғындардың сауалына "әкімдіктен рұқсатымыз бар" деп жауап берген.
Алайда олардың әрекеті күдікті болғандықтан, жергілікті тұрғындар бірден полицияға хабар берді.
"Тапа-тал түсте ұрлыққа шыққандарды полиция қиыршық тасты жүк көлігіне тиеп жатқан жерінен ұстады. Олар бөлімшеге жеткізілді", - деп хабарлады аудан әкімдігі.
Күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 334-бабы 1-бөлігі ("жер қойнауын өз бетінше пайдалану") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айырылады немесе 200 АЕК (583 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қолданылуы мүмкін.
Айта кетері, қиыршық тасты ұрлау әрекетінің соңы суармалы судың ағымына кедергі жасайды. Салдарынан шаруаларға су дер кезінде жетпей қалады.