Өңірлер

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын бөлісті

© Sputnik / Владислав ВодневСнежный коллапс в Нур-Султане
Снежный коллапс в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Жазылу
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, 15-25 м/с дейін екпінді жел болады. Солтүстік жартысында бұрқасын болжанып отыр
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 21-23 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктер болжамына сәйкес, елге солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронталды бөлімдер әсер етеді. Соған байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстікте жаңбыр болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, 15-25 м/с дейін екпінді жел болады. Солтүстік жартысында бұрқасын болжанып отыр.
23 желтоқсанға қарай ауа температурасы төмендейді: батыста түнде -8...-23°C, күндіз -5...-15°C аяз болады.
Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -5...-15°C аяз болады, күндіз 0...-8°C дейін төмендейді.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде -5...+5°C, күндіз 0...+10°C жылы болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында 21 желтоқсанда қар жауады, түнде -5°C, күндіз -1°C көрсетеді. 22 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауады, түнде -7°C, күндіз +1°C болады. 23 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде -1°C, күндіз +1°C көрсетеді.
Алматыда 21 желтоқсанда күн бұлтты болады, түнде +1°C, күндіз +4°C көрсетеді. 22-23 желтоқсанда күн бұлтты, түнде +2...+3°C, түнде +6...+9°C жылы болады.
Шымкентте 21 желтоқсанда күн ашық, түнде +1°C, күндіз +15°C көрсетеді. 22 желтоқсанда жаңбыр жауады, түнде +4°C, күндіз +13°C жылы. 23 желтоқсанда күн ашық, түнде +2°C, күндіз +9°C жылы болады.
Жаңалықтар
0