https://sputnik.kz/20211216/kyzylorda-kylmystyk-top-18914666.html
Қызылордада мыңнан аса киікті өлтірген қылмыстық топ ұсталды
Қызылордада мыңнан аса киікті өлтірген қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Мүйіз үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд теңгеге бағаланып отыр 16.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-16T18:54+0500
2021-12-16T18:54+0500
2022-02-02T09:46+0500
өңірлер
қызылорда облысы
қылмыстық топ
фото
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/10/18914563_0:79:960:621_1920x0_80_0_0_e015417e799ea9a7ff8cf5ff2e2535d4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз иемдену және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.Киік мүйіздерінің ірі партиясын сату әрекеті кезінде қылмыстық схеманы ұйымдастырған екі тұрғын ұсталды. Жалпы салмағы 500 килограмм болатын 2347 киік мүйізі тәркіленді.Мүйіз үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд теңгеге бағаланып отыр.Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына елеулі зиян келтірілді.Ұсталған адамдар қамауға алынды.Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/10/18914563_0:48:960:652_1920x0_80_0_0_4c7e7d38fb1fb416a42b4ddffe5bd7a2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, қылмыстық топ
қызылорда облысы, қылмыстық топ
Қызылордада мыңнан аса киікті өлтірген қылмыстық топ ұсталды
18:54 16.12.2021 (жаңартылды: 09:46 02.02.2022) Мүйіз үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд теңгеге бағаланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз иемдену және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Киік мүйіздерінің ірі партиясын сату әрекеті кезінде қылмыстық схеманы ұйымдастырған екі тұрғын ұсталды. Жалпы салмағы 500 килограмм болатын 2347 киік мүйізі тәркіленді.
Мүйіз үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына елеулі зиян келтірілді.
Ұсталған адамдар қамауға алынды.
Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.