Өңірлер

Алматыда салмағы 6 кг сәби дүниеге келді

© Photo : PexelsНоворожденный
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Дәрігерлердің айтуынша, ол осы орталықта дүниеге келген ең ірі сәби
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Алматыда салмағы 6 кг 280 гр сәби дүниеге келді.
Алматы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының мәліметінше, сәби 40 аптада кесар тілігімен алынды.
"Анасының жағдайы жақсы, ол оның бірінші баласы. Анасы 20 жаста. Сәби анасының жанында. Баланың денсаулығында ақау жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында", - дейді орталықтағылар.
Олардың айтуынша, ол осы орталықта дүниеге келген ең ірі сәби. 
"Бұған дейін салмағы үлкен сәбилер дүниеге келетін. Соңғы рет 5 кг 800 гр сәби туды. Бірақ 6 кг 280 гр деген алғаш рет тіркеліп отыр", - дейді дәрігер Гүлнар Нұрланова. 

Оқи отырыңыз: 

 
 
Жаңалықтар
0