https://sputnik.kz/20211213/Zeynetker-Pavlodar-er-adam-18886774.html
"Зейнеткер қатты қорқып кеткен": Павлодарда ер адам анасын үйден қуып шықты
"Зейнеткер қатты қорқып кеткен": Павлодарда ер адам анасын үйден қуып шықты
Sputnik Қазақстан
Тәртіп сақшылары хаттама толтырып, ер адамды бес тәулікке әкімшілік қамауға алды 13.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-13T13:41+0500
2021-12-13T13:41+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
павлодар
зейнеткер
https://sputnik.kz/img/638/53/6385354_0:185:3076:1915_1920x0_80_0_0_bf096429cad57da80d44fb9baab10733.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда ішімдікке сылқия тойып алып, анасын үйінен қуып шыққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, кеше кешкі сағат 23:00-де қарт әйел полицияға қоңырау шалып, жұмыстан кейін ересек ұлы мас болып келіп, қорлағанын, содан кейін оны пәтерден қуып шыққанын хабарлаған.Қарт әйелдің ұлына қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырып, оған сәйкес ер адам бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды."Полицейлермен сөйлескен ер адам қарт анасынан кешірім сұрады және алдағы уақытта бұндай әрекет жасамауға уәде берді, - дейді тәртіп сақшылары.Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты 3800-ден астам жағдайды тіркеген.Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны әкесі сыйға берген үйді сатып, зейнеткерді қуып шықты
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/638/53/6385354_345:0:3076:2048_1920x0_80_0_0_7d58af62888aaa6d3794d4af83f63d65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, зейнеткер
"Зейнеткер қатты қорқып кеткен": Павлодарда ер адам анасын үйден қуып шықты
13:41 13.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тәртіп сақшылары хаттама толтырып, ер адамды бес тәулікке әкімшілік қамауға алды
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда ішімдікке сылқия тойып алып, анасын үйінен қуып шыққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлады
Pavlodarnews.kz. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, кеше кешкі сағат 23:00-де қарт әйел полицияға қоңырау шалып, жұмыстан кейін ересек ұлы мас болып келіп, қорлағанын, содан кейін оны пәтерден қуып шыққанын хабарлаған.
"Мас баласы ұйықтап қалып, зейнеткер әйел үйіне кіре алмаған. Қараңғы кіреберісте жалғыз қалған әйел қорқып кеткен. Пәтерге келген полиция әжеміздің көзіне жас алып, халат пен тәпішкеде тұрғанын көрді. Полицейлер 15 минут бойы есікті қатты қағып, ер адамды оятты", - деді департамент қызметкерлері.
Қарт әйелдің ұлына қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырып, оған сәйкес ер адам бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды.
"Полицейлермен сөйлескен ер адам қарт анасынан кешірім сұрады және алдағы уақытта бұндай әрекет жасамауға уәде берді, - дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты 3800-ден астам жағдайды тіркеген.