Өңірлер

Өскеменде Тәуелсіздік монументі ашылды

© Photo : официальный сайт премьер-министра Республики КазахстанӨскеменде Тәуелсіздік монументі ашылды
Өскеменде Тәуелсіздік монументі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2021
Жазылу
Монументтің биіктігі – шамамен 16 метр, төбесінде Қазақ хандығының негізін қалағандар – Керей мен Жәнібектің мүсіндері орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Өскеменде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тәуелсіздік монументі ашылды. Салтанатты шараға үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты, деп хабарлайды премьердің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official)

Премьер-министр Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Тәуелсіздік монументінің ашылуына және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты.
"Тәуелсіздік монументі ел тарихындағы көптеген дәуірлік оқиға мен оның қалыптасу кезеңдерін бейнелейді, мемлекетіміздің біртұтастығы мен беріктігінің белгісі", — деді Мамин Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатында.
Монументтің биіктігі – 15,7 м, диаметрі – 10,9 м. Төбесінде Қазақ хандығының негізін қалағандар – Керей мен Жәнібектің мүсіндері, төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бейнеленген барельеф орнатылған.
Оқи отырыңыз: Жандарбек Бекшин мен Ұлықбек Есдәулет мемлекеттік награда алды
Монументтің орталық бөлігінде үш бидің – Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би мүсіндері орналасқан, сондай-ақ ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау – Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты" деген дәйексөзі үш тілде жазылған. 
Сондай-ақ Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, жазушы Әлібек Қаңтарбаев және жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, өңір жұртшылығы қатысты.
Жаңалықтар
0