https://sputnik.kz/20211208/Almaty-ekologiya-zholdary-18857803.html
Алматы әкімі қала экологиясын жақсарту жолдарын атады
Алматы әкімі қала экологиясын жақсарту жолдарын атады
Sputnik Қазақстан
Қала әкімінің айтуынша, ең басты міндеттің бірі – ЖЭО-2-ні газға көшіру жөніндегі проблеманы шешу 08.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-08T14:01+0500
2021-12-08T14:01+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
алматы
экология
https://sputnik.kz/img/850/64/8506468_0:71:3501:2040_1920x0_80_0_0_589f3ca839df9fcf41414cc6504953dc.jpg
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала экологиясын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қала әкімінің айтуынша, ең басты міндеттің бірі – ЖЭО-2-ні газға көшіру жөніндегі проблеманы шешу."Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында басталады. Станцияның бірінші блогын газ отынымен қосу 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр. Жаңа станцияның жобасы орнатылған 600 МВт-қа дейін электр және 957 Гкал/сағ жылу қуатын қарастырады. Электр станциясы экологиялық таза отын – табиғи газда болады. Ол жылу мен электр энергиясын бірлесіп өндіру – когенерация қағидатын пайдаланып, заманауи бу-газ технологиялары бойынша салынады", - деді Бақытжан Сағынтаев.Станцияның 200 МВт үш блогы пайдалануға берілгенде, жаңа жабдық кезең-кезеңімен қолданыстағыларды алмастырады. "Электр энергиясы мен жылу өндіру процесі тоқтамайды. Модернизациядан соң қала атмосферасына ЖЭО-2 шығарындылары 15 еседен астам қысқарады", - деді қала әкімі.Сондай-ақ қалада қоғамдық көлік саласында электр қуатымен және газ отынымен жүретін автобустарды сатып алу жалғасып жатыр."Жасыл Алматы" бағдарламасыҚалада жасыл қорды дамыту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қазір қалада 2,6 миллион ағаш бар, оның 23%-і ескі. "Жасыл Алматы" бағдарламасы аясында 530 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарда. Биыл 190 мың ағаш отырғызылады, қазірге дейін оның 115 мыңға жуығы егілді", - деді қала әкімі.Сондай-ақ қалаға кіре берісте 15 экопост орнатылған, тағы 4-еуі жыл соңына дейін орнатылады. Келесі жылдан бастап 3 жылжымалы экологиялық бекет пен 1 зертхана іске қосылады.Қазіргі уақытта экологиялық нормаларға сәйкес келмейтін көліктерді анықтау бойынша рейд жүргізіліп жатыр. 2 550 көлік тексерілді, пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың асып кетуі 519 автокөлікте анықталды. Тексерілген автокөліктің жалпы санының 23%-і экологиялық нормаларға сәйкес келмейді.Оқи отырыңыз:
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/850/64/8506468_342:0:3157:2111_1920x0_80_0_0_d5d5d971ccd726829659fcd939c45d0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, экология
Алматы әкімі қала экологиясын жақсарту жолдарын атады
14:01 08.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қала әкімінің айтуынша, ең басты міндеттің бірі – ЖЭО-2-ні газға көшіру жөніндегі проблеманы шешу
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала экологиясын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, ең басты міндеттің бірі – ЖЭО-2-ні газға көшіру жөніндегі проблеманы шешу.
"Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында басталады. Станцияның бірінші блогын газ отынымен қосу 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр. Жаңа станцияның жобасы орнатылған 600 МВт-қа дейін электр және 957 Гкал/сағ жылу қуатын қарастырады. Электр станциясы экологиялық таза отын – табиғи газда болады. Ол жылу мен электр энергиясын бірлесіп өндіру – когенерация қағидатын пайдаланып, заманауи бу-газ технологиялары бойынша салынады", - деді Бақытжан Сағынтаев.
Станцияның 200 МВт үш блогы пайдалануға берілгенде, жаңа жабдық кезең-кезеңімен қолданыстағыларды алмастырады.
"Электр энергиясы мен жылу өндіру процесі тоқтамайды. Модернизациядан соң қала атмосферасына ЖЭО-2 шығарындылары 15 еседен астам қысқарады", - деді қала әкімі.
Сондай-ақ қалада қоғамдық көлік саласында электр қуатымен және газ отынымен жүретін автобустарды сатып алу жалғасып жатыр.
"Жасыл Алматы" бағдарламасы
Қалада жасыл қорды дамыту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қазір қалада 2,6 миллион ағаш бар, оның 23%-і ескі.
"Жасыл Алматы" бағдарламасы аясында 530 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарда. Биыл 190 мың ағаш отырғызылады, қазірге дейін оның 115 мыңға жуығы егілді", - деді қала әкімі.
Сондай-ақ қалаға кіре берісте 15 экопост орнатылған, тағы 4-еуі жыл соңына дейін орнатылады.
Келесі жылдан бастап 3 жылжымалы экологиялық бекет пен 1 зертхана іске қосылады.
Қазіргі уақытта экологиялық нормаларға сәйкес келмейтін көліктерді анықтау бойынша рейд жүргізіліп жатыр. 2 550 көлік тексерілді, пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың асып кетуі 519 автокөлікте анықталды. Тексерілген автокөліктің жалпы санының 23%-і экологиялық нормаларға сәйкес келмейді.