Өңірлер

"Яндекс" такси жүргізушілері ереуілге шықты – олардың талабы қандай

© Sputnik / Владислав ВодневЯндекс Такси
Яндекс Такси  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
Такси жүргізушілері еңбегі бағаланбайтынына шағымданып, жолаушыларды отырғызу құнын көтеріп, комиссияны төмендетуді талап етті
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте "Яндекс Go" сервисінің такси жүргізушілері жұмыс істеуден бас тартып, ереуілге шықты. Таксистердің наразылығына – қаладағы төмен тариф пен жұмыс беруші тарапынан жоғары комиссияның болуы себеп, деп хабарлайды КТК.
© Photo : Скриншот видео КТКШымкентте "Яндекс" такси жүргізушілері ереуілге шықты
Таксисты Яндекса устроили забастовку в Шымкенте - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Шымкентте "Яндекс" такси жүргізушілері ереуілге шықты
"Таксиге отыру құны 250 теңге – бұл аз! Амортизация бар, комиссия бар, біз төлейтін айыппұлдар мен пайыздар бар. Біз жолаушыларды отырғызу құны кемінде 400 теңге болуы керек деп санаймыз. Қазір біз 6-7 шақырым жүріп, сол үшін 450-490 теңге аламыз. Ал егер салонда төрт адам отырса? Сонда бір жолаушыдан 100 теңгеден аз шығады. Біз не, автобустан кембіз бе?", - дейді такси жүргізушісі Әмірхан Борбасов.
Жүргізушілердің айтуынша, Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда, Шымкентте баға әлдеқайда төмен. Ал жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің үнемі қымбаттайтынын ескерсек, жұмыс істеу мүлде тиімсіз.
Сервиске жұмысқа орналасарда жүргізушілер жергілікті таксомотор серіктес-компанияларда тіркеледі. Олар баға белгілеуге ықпал ете алмаймыз деп отыр.
Оқи отырыңыз: Сот "Яндекс.Такси" қызметінің тоқтатылғанына қатысты түсініктеме берді
"Яндекс Go" сервисінің Қазақстандағы өкілдігі қараша айының соңында комиссия қайта қаралғанын, ал тариф өскенін атап өтті. Жүргізушілердің табысын молайту үшін сервис ынталандыру бағдарламаларын ұсынады.
Осы орайда компания жүргізушілердің ереуілінен бейхабар екенін мәлімдеді.
"Бізге жүргізушілер қандай да бір талаппен жүгінген жоқ. Біз тіпті олардың кім екенін және сервиске қосылып-қосылмағанын білмейміз. Кеше де, бүгін де сервис қалада әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Жұмысқа шыққан жүргізушілер саны да сол қалпы", - деді "Яндекс Go" сервисі баспасөз қызметінің қызметкері Ольга Демьянюк.
Жаңалықтар
0