https://sputnik.kz/20211207/Atyrau-mugedek-balalar-unitaz-18839953.html
Атырауда мүгедек балаларды унитазға байлап қойған: қылмыстық іс жабылды
Атырауда мүгедек балаларды унитазға байлап қойған: қылмыстық іс жабылды
Sputnik Қазақстан
Бүлдіршіндерді төсек жаймамен байлап қойған тәрбиешілердің әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері табылған жоқ 07.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-07T09:12+0500
2021-12-07T09:12+0500
2022-02-02T09:48+0500
өңірлер
атырау
мүгедек
бала
қылмыстық іс
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/16/18476926_0:98:1281:818_1920x0_80_0_0_4b2f6dc78b251ee9968808f56bff5a14.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Атырауда мүгедек балаларға арналған арнайы орталықтың тәрбиешілерінің іс-әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері анықталған жоқ, деп жазады өңірлік "Мой город" басылымы. Унитазға байланған балалардың видеосы биыл жазда қоғамда резонанс туғызған еді.Бейнеролик Атырауда №3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында түсірілгені анықталды.Кадрдан горшокта отырған балалардың төсек жаймамен мүгедектерге арналған унитаздың тұтқасына байланғанын көруге болады. Видео қазақстандықтардың ашуын келтірді. Депутаттар тіпті арнайы тексеріс жүргізетінін мәлімдеп, ал полиция Қылмыстық кодекстің 110-бабы "Қинау" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған еді. Орталықтың екі тәрбиешісі күдікке ілінді.Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, тәрбиешілердің әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері табылған жоқ.Жаға ұстатарлық видеоБұған дейін Атырау облысы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева видеоны түсірген әйел бір кездері осы орталықта істегенін мәлімдеген болатын.Роликте биыл 8 сәуірде болған жағдай түсірілген. Балаларды қорлағандар жазасын алды.Оқи отырыңыз: Балаларды унитазға байлап қойған: Атырауда түсірілген видео желіде тарап кетті"Бұл оқиға бойынша Атырау облысы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшылығы ұжыммен кездесу өткізіп, орталық қызметкерлерімен түсіндіру жұмысын жүргізді. Басқарма басшысы тиісті бақылау жасамағаны үшін директорға қатысты қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданды", - деді Төлеғариева.Сондай-ақ Альфия Төлеғариева өңірлік прокуратура осы фактіден кейін биыл маусым айында кешенді тексеріс жүргізгенін айтты.Бұдан бөлек, әлеуметтік мекемеге прокуратура қызметкерлері, депутаттар мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия да келіп кетті. Оны облыс әкімінің орынбасары басқарды.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/16/18476926_51:0:1188:853_1920x0_80_0_0_c276bc305419b9dbc0e1ec02e53a09ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, мүгедек, бала, қылмыстық іс
атырау, мүгедек, бала, қылмыстық іс
Атырауда мүгедек балаларды унитазға байлап қойған: қылмыстық іс жабылды
09:12 07.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Бүлдіршіндерді төсек жаймамен байлап қойған тәрбиешілердің әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері табылған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Атырауда мүгедек балаларға арналған арнайы орталықтың тәрбиешілерінің іс-әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері анықталған жоқ, деп жазады өңірлік
"Мой город" басылымы. Унитазға байланған балалардың видеосы биыл жазда қоғамда резонанс туғызған еді.
Бейнеролик Атырауда №3 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында түсірілгені анықталды.
Кадрдан горшокта отырған балалардың төсек жаймамен мүгедектерге арналған унитаздың тұтқасына байланғанын көруге болады. Видео қазақстандықтардың ашуын келтірді. Депутаттар тіпті арнайы тексеріс жүргізетінін мәлімдеп, ал полиция Қылмыстық кодекстің 110-бабы "Қинау" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған еді. Орталықтың екі тәрбиешісі күдікке ілінді.
Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, тәрбиешілердің әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық белгілері табылған жоқ.
Бұған дейін Атырау облысы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариева видеоны түсірген әйел бір кездері осы орталықта істегенін мәлімдеген болатын.
Роликте биыл 8 сәуірде болған жағдай түсірілген. Балаларды қорлағандар жазасын алды.
"Бұл оқиға бойынша Атырау облысы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшылығы ұжыммен кездесу өткізіп, орталық қызметкерлерімен түсіндіру жұмысын жүргізді. Басқарма басшысы тиісті бақылау жасамағаны үшін директорға қатысты қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданды", - деді Төлеғариева.
Сондай-ақ Альфия Төлеғариева өңірлік прокуратура осы фактіден кейін биыл маусым айында кешенді тексеріс жүргізгенін айтты.
Бұдан бөлек, әлеуметтік мекемеге прокуратура қызметкерлері, депутаттар мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия да келіп кетті. Оны облыс әкімінің орынбасары басқарды.