Өңірлер

Жамбыл облысында "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

© АО "НК "Қазақстан темір жолы"Грузовые вагоны
Грузовые вагоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.12.2021
Жазылу
Ол жылдық есептер бойынша оң шешім шығарғаны үшін ақша алған, сондай-ақ алдағы уақытта қамқорлық жасамақшы болған
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді.
Ресми мәліметке сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлескен операция өткізген. Сол кезде 800 мың теңге көлемінде пара алған "Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі" ЖШС "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының бастығы ұсталды.
"Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептер бойынша оң шешім шығарғаны, сондай-ақ ары қарай қамқорлық жасаймын деп ақша алған", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде тергеу шаралары жалғасып жатыр. Осыған байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Оқи отырыңыз: ҰҚК Қызылорда полиция басқармасының бастығын ұстады – БАҚ
Жаңалықтар
0