13:38 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
57 0 0

Қазан айында облыс басшысы өзінің жеке телефон нөмірін жариялап, халықты қаржы саласындағы тәртіп бұзушылықтар туралы тікелей өзіне жазуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев аймақта және әкімдікте сыбайлас жемқорлықтың жиі анықталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бізде жемқорлыққа қатысты жанжалдар жиі анықталады деп ойламаймын. Бәлкім, қателіктер бар. Соны әртүрлі қызметтер әрқалай баға береді. Заңнама тұрғысынан ақаулық бар шығар. Ал енді жемқорлық әрекетті жасауға арам ой болса, мен ондай алғышарттарды анықтайтын боламын. Тағы айтамын, мен әрдайым ашықпын. Нақты тәртіп бұзушылықтар болса, маған жазуға болады. Ал жемқорлықты жиі анықтай ма, жоқ па, менде ондай статистика жоқ", - деді Есқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетері, қазан айында облыс басшысы өзінің жеке телефон нөмірін жариялап, халықты қаржы саласындағы тәртіп бұзушылықтар туралы тікелей өзіне жазуға шақырды. Хабарламада "Жемқорлық" деген жазуды белгілеп қойған жөн деп жазылған. 

Есқалиев 2019-2020 жылдағы БҚО-да мемлекеттік секторда біраз жемқорлықтың анықталғанын мойындады. Алайда әкім осы көрсеткішті жемқорлық саласындағы күрестің күшейгенімен байланыстырып отыр.

"Ондай әрекеттер, көбінесе, полиция органдарында анықталған. Пара беру фактілері көп болды. Бұл дегеніміз, полицияның ішкі қауіпсіздік қызметі пара беруді анықтауға басымдық бере бастады. Дәл сондай әрекеттер қөп болды. Адамдар пара беруге тырысады. Соның бәрін видеоға түсіріледі де, жемқорлық фактісі ретінде тіркеледі. Осылайша, біз тиісті жұмысты керісінше күшейттік, ештеңе жасырған жоқпыз. Жемқорлық фактілері де көбейді. Соынң бәрі аймақтың имиджіне де әсер еткен болар", - деп атап көрсетті Есқалиев.

Кілт сөздер:
Батыс Қазақстан, басшы, жемқорлық
Загрузка...

Басты тақырып