Өңірлер

Дауыл, көктайғақ: синоптиктер 3 желтоқсандағы ауа райын болжады

© Sputnik / Владислав ВодневСнегопад в Нур-Султане
Снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
Елдің басым бөлігі жаңбыр мен қар, көктайғақ және жаяу бұрқасын, республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл, найзағай күтіледі
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 
Синоптиктердің болжамынша елдің басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан - жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ және жаяу бұрқасын, республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл, найзағай күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман және желдің күшейюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-23 м/с күшейеді, облыстың батысында, орталығында және шығысында жаяу бұрқасын, күндіз солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, орталығында түнде, солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында  жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде, жаяу бұрқасын, көктайғақ, батысында тұман күтіледі, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының шығыс жартысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Қостанай облысының шығысында түнде, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл, тау және таулы аудандарында тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, тау, таулы аудандарында жел 15-23 м/с күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл, күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі.
Ақтөбе, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Атырау облысында түнде және таңертең, Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Алматыда ауа температурасы күндіз:+13+15 °C, түнде:+1+3 °C. Желдің жылдамдығы:0-5 м/с.
Шұр-Сұлтанда ауа температурасы күндіз:0 градус шамасында °C, түнде 0 градус шамасында °C. Желдің жылдамдығы:9-14, түнде екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте ауа температурасы күндіз:+14+16 °C, түнде+8+10 °C. Желдің жылдамдығы:8-13, екпіні 15-20 м/с.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0