Өңірлер

"Бұлай болады деп ойламадым": Павлодарда әйел ұлын полицияға ұстатып жіберді

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2021
Жазылу
Телефонның арғы жағында жылап тұрған әйел үйде жанжал шығарған мас ұлын алып кетуді өтінді
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Павлодар қаласының тұрғыны ұлының үстінен полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақында Павлодар қаласының "102" жедел арнасына Қамзин көшесіндегі пәтерлердің бірінен қоңырау келіп түсті. Телефонның арғы жағында жылап тұрған әйел үйде жанжал шығарған мас ұлын алып кетуді өтінді.
Әйел келген учаскелік инспекторға ұлын жалғыз өсіргенін, есейген кезде өміріне қауіп төндіретінін ойламағанын айтты.
Учаскелік полиция қызметкері маскүнемді алып кетіп, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызды. Ол маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі.
"Алдағы уақытта бұл отбасы ерекше бақылауда және жіті назарда болады", – деп түйіндеді полицейлер.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0