https://sputnik.kz/20211201/Elorda-tyngysh-perzident-18797502.html
Елордада тұңғыш президент күні қанша сәби дүниеге келді
Елордада тұңғыш президент күні қанша сәби дүниеге келді
Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтан қаласында 1 желтоқсанда дүниеге сәби әкелген әйелдерге құрмет көрсетіледі 01.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-01T14:32+0500
2021-12-01T14:32+0500
2023-08-09T12:22+0500
өңірлер
президент
сәби
астана
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/01/18797462_0:0:1280:723_1920x0_80_0_0_26cb375f1d49ce9e153b04785e8a9d73.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Елордада 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 27 бала дүниеге келді, оның 16 - сы - қыз, 11-і-ұл бала, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Осымен 10 жыл қатарынан Нұр-Сұлтанда тұңғыш президент күніне орай 1 желтоқсанда дүниеге сәби әкелген әйелдерге құрмет көрсетіледі.Тұңғыш президент күні туған сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов құттықтады.Оларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар мен жаңа туған нәрестелерге балалар комбинезоны түріндегі сыйлықтар табыс етілді. "Сіздерді сәбидің дүниеге келуімен және 1 желтоқсан мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер үшін қос мереке. Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сәбилер еліміздің мақтанышы болып өссін", - деді Асхат Оралов.Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат - қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.Оқи отырыңыз:
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/01/18797462_58:0:1224:733_1920x0_80_0_0_ae13f1aa48c1f167224dbc6c6afaf400.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, сәби, астана
Елордада тұңғыш президент күні қанша сәби дүниеге келді
14:32 01.12.2021 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Нұр-Сұлтан қаласында 1 желтоқсанда дүниеге сәби әкелген әйелдерге құрмет көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Елордада 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні 27 бала дүниеге келді, оның 16 - сы - қыз, 11-і-ұл бала, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Осымен 10 жыл қатарынан Нұр-Сұлтанда тұңғыш президент күніне орай 1 желтоқсанда дүниеге сәби әкелген әйелдерге құрмет көрсетіледі.
Тұңғыш президент күні туған сәбилердің аналарын қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов пен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов құттықтады.
Оларға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар мен жаңа туған нәрестелерге балалар комбинезоны түріндегі сыйлықтар табыс етілді.
"Сіздерді сәбидің дүниеге келуімен және 1 желтоқсан мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер үшін қос мереке. Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сәбилер еліміздің мақтанышы болып өссін", - деді Асхат Оралов.
Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Бұл эстафетадағы ең басты мақсат - қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.