Өңірлер

"Құбырмен түспекші болған": Қостанайда жас қыз бесінші қабаттан құлап кетті

© Sputnik / Айгюзель КадирПолиция, скорая и пожарные дежурят у концертного зала "Астана"
Полиция, скорая и пожарные дежурят у концертного зала Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
Ол жедел медициналық жәрдем келгенше қайтыс болды, дейді полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Қостанай қаласында жоғары қабаттан құлаған қыз көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 30 қарашада таңғы сағат 05.20-ның шамасында 102-ге жас қыздың бесінші қабаттан құлағаны туралы хабар түсті.

"Алдын ала тексеріс бойынша 23 жастағы қыз бесінші қабаттан су ағызатын құбырмен түскісі келген. Бірақ құлап кетті. Ол жедел медициналық жәрдем келгенше қайтыс болды", — дейді полицейлер.

Қазіргі кезде тексеріс шаралары жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0