16:45 09 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD434.46
  • EUR490.29
  • RUB5.90
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
572710

Елдің солтүстігінде ауа температурасы төмендейді, ал батыста күн жылынатыны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша — Sputnik. Қазгидромет 27-29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанға солтүстік-батыс антициклоны ығысып келеді. Соның әсерінен жауын-шашынсыз болып, солтүстікте күн суытады.

Алайда батыс өңірлерге Ресейдің еуропалық бөлігінен жылы фронт келеді. Сондықтан күндіз ауа температурасы көтеріледі.

Солтүстік аймақта түнде минус 10-18, күндіз 7-15 градус аяз.

Батыста күндіз 0 - плюс 5 градусқа дейін жылынады. Ал оңтүстік-батыста плюс 12 градус.

Шығыста түнде минус 15-23 градустан минус 8-16 градусқа дейін біршама жылынады. Күндіз 0 - минус 10.

Оңтүстікте де ауа температурасы көтеріледі. Түнде 0 - минус 10 градустан 0 - плюс 5- қа дейін, күндіз 0-10 жылыдан плюс 3-15 градусқа дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік-шығыста түнде 0 - минус 10, күндіз минус 3 - плюс 7 градус шамасында болады.

  • Снежный коллапс в Нур-Султане
    Кеше Нұр-Сұлтан көшелерін қалың қар басып, жолда көлік кептелісі болды
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Снежный коллапс в Нур-Султане
    Жаяу жүргіншілер жолындағы омбы қардан аяқ алып жүргісіз еді
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Снежный коллапс в Нур-Султане
    Кей аялдамада коммуналдық қызметтің қарды үйіп тастауына байланысты автобустар жолаушыларды діттеген жеріне жеткізе алмады
    © Sputnik / Владислав Воднев
1 / 3
© Sputnik / Владислав Воднев
Кеше Нұр-Сұлтан көшелерін қалың қар басып, жолда көлік кептелісі болды

Тақырып бойынша

Астана қалың қардың астында қалды – видео
Елорда әуежайы қалың қарға байланысты уақытша жабылды
Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады
Шенеунік астанадағы қалың қар жайлы: жұмысқа әдеттегіден ұзағырақ жеттім
Нұр-Сұлтанда жауған қалың қар тұрғындарды әбігерге салды – фото
Кілт сөздер:
аяз, ауа райы, демалыс күндері
Загрузка...

Басты тақырып