Өңірлер

Ақтөбеде мұздай қаруланған ер адам ұсталды - видео

© Sputnik / Тимур БатыршинОружие, иллюстративное фото
Оружие, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2021
Жазылу
Сонымен қатар жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Ақтөбе тұрғынының көлігінен қару-жарақтың бірнеше түрі тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу кезінде Жаңақоныс кенті маңында ресейлік есептегі көлікпен жүрген 18 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Көліктің салонында 25 жастағы екі жолаушы болған.

Автокөлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері ИЖ маркалы екі ұңғылы шолақ аңшы мылтығын және ИЖ маркалы екі тегіс ұңғылы мылтықты, 16 калибрлі алты патрон мен екі пышақты тәркіледі.

Сонымен қатар жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер азаматтардың сонша қаруды қандай мақсатта пайдаланбақ болғанын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0