Өңірлер

Желіде Атырау үстінен у шашылды деген ақпарат тарады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуНебо, след самолета. Архивное фото
Небо, след самолета. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2021
Жазылу
Атырау облысы экология департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ведомствоға ешқандай шағым түспеген

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Желіде Атырау үстінен химикаттар шашылғаны туралы ақпарат тарады. Бұған дәлел ретінде ұшақтан соң аспанда қалған конденсациялық іздері бар сурет жарияланды.

Бұл ақпаратты Атырау облысының әкімдігі жоққа шығарды, деп хабарлады stopfake.kz.

"Атырау облысы экология департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ведомствоға ешқандай шағым түспеген. Атырау облысы аумағында орналасқан атмосфералық ауа сапасын бақылау станциялары да осы оқиғаға байланысты ешқандай шығарындыларды тіркеген жоқ. Ұшу аппараттарымен қандай да болмасын химикаттарды шашу немесе өңдеу туралы пікірлер жалған", – деп хабарлады ведомство.

Мамандардың айтуынша, фотода көрсетілген ақ жолақтар конденсациялық із болып саналады. Олар ауада қозғалған ұшу аппараттарынан кейін атмосферада конденсацияланған ылғалдан, тамшылардан немесе мұз кристалдарынан қалыптасатын іздер.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0