Өңірлер

Қазақстанда күн күрт суытады

© Sputnik / Абзал КалиевСиница взлетает с ветки березы, пытаясь оторвать семена
Синица взлетает с ветки березы, пытаясь оторвать семена  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2021
Жазылу
Қазақстанның оңтүстігінде де ауа температурасы минус 13 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазгидромет 25-27 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы күндері кей атмосфералық процесс тез алмасады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.

Тіпті Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытады термометр бағаны түнде 8-13 градус аязды көрсетеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 25 қарашада қар аралас жаңбыр жауады, түнде -15°C, күндіз +1°C болады. 26 қарашада күн бұлтты, түнде -19°C, күндіз -12°C. 27 қарашада күн бұлтты, түнде -10°C, күндіз -7°C.

Алматыда 25 қарашада күн ашық, түнде +6°C, күндіз +12°C. 26 қарашада қар аралас жаңбыр жауады, түнде -3°C, күндіз +5°C болады. 27 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде -8°C, күндіз -3°C болады.

Шымкентте 25 қарашада жаңбыр жауады, түнде +9°C, күндіз +17°C. 26 қарашада жаңбыр жауады, түнде -1°C, күндіз +7°C көрсетеді. 27 қарашада күн ашық, түнде -4°C, күндіз +9°C болады.

Оқи отырыңыз: Биыл Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Жаңалықтар
0