Өңірлер

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2021
Жазылу
Республиканың бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Сәрсенбі, 24 қарашада қар, бұрқасын, қатты жел мен тұманға байланысты бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет мәліметінше, күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасындатады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болжанып отыр. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – тұман, бұрқасын. Өңірдің солтүстігін тұман басады. Жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.  

Орал қаласында түнде және таңертең тұман болжанып отыр.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында да тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтау қаласында түнде және таңертең – тұман.

Оқи отырыңыз: Биыл Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр, қар жауады, облыстың шығысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігі мен орталығында тұман түседі, көктайғақ болады.

Атырау қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанып отыр.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында бұрқасындатады, көктайғақ. Түнде және таңертең өңірдің оңтүстігін тұман басады. Желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады.

Қарағанды қаласында күндіз көктайғақ болады.

Жаңалықтар
0