Өңірлер

Маңғыстау облысында әйел жездесін 6 жылға соттатып жіберді

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Тергеу барысында сотталушының кінәсі дәлелденді, ол сотта шартты мерзім беруді сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында тұрмыстық жанжал кезінде ер адам балдызына пышақ сұққан. Өз әйеліне де жарақат салды. Сотта келіншегі кешірсе де, оның сіңлісі жездесін заң бойынша соттауды талап еткен. 

Тергеу материалдарына сәйкес, бұл оқиға Қарақияқ ауданындағы Жетібай ауылында болған. 48 жастағы ер адам тұрмыстық жанжал кезінде балдызының кеуде тұсына пышақ сұққан. Жүгіріп келіп, тоқтатуға тырысқан келіншегіне де жарақат салды, деп хабарлады inAktau.kz.

Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, екі немесе одан көп адамға қатысты) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Оған сәйкес, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталушының кінәсі дәлелденді. Прокурор оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Сотта келіншек күйеуін кешіргенін айтып, жазаны жеңілдетуді өтінген. Ал оның сіңлісі жездесін заң бойынша соттауды талап етті. Күдіктінің өзі шартты мерзім беруді сұраған.

"Сот жазаны жеңілдететін жағдайларды ескерді: сотталушының кінәсін жартылай мойындауы, бұған дейін сотты болмауы және кәмелетке толмаған баласының болуы. Ал прокурор жазаны ауырлататын жағдайларды анықтаған жоқ. Сотталушы кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген Қарақиян аудандық сотының ресми хабарламасында.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0